Адвокаттар – тараптарды татуластырушы

0
299

Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін жақсарту бойынша «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру мақсатында Елбасы 2015 жылдың 31 қазанында жаңа Азаматтық процестік кодексіне қол қойды, кодекс 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енді. Жаңа Азаматтық процестік кодексінде адвокаттардың татуластыру рәсіміне алғаш құқығы бекітілді.

АПК-нің 181-бабына сәйкес тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы. Аталған рәсім адвокаттарға судьяның қатысуынсыз тараптарды татуластыруға мүмкіндік береді. Партисипативтік рәсім – дауды бітімгершілікпен шешу үшін тараптардың адвокаттарының бір-бірімен өзара келіссөздер жүргізуі.   «Партисипативный» термині француз тілінен «қатысушы, қатыса алатын» деп аударылады, басқаруға тартуды білдіреді, яғни талдауға, шешім қабылдауға нақты қатысу. Партисипативтік рәсім екі жақтың ерікті келісімімен жүзеге асырылатын, екі тарапқа да тиімді шешім қабылдауға бағытталған, олардың арасындағы дауды, адвокаттарының қатысуымен келіссөз арқылы реттеу. Партисипативтік рәсімінің тараптары ретінде жеке тұлғалар да, және заңды тұлғалар да бола алады. Партисипативтік рәсім үш кезеңнен тұрады: Бірінші кезең – талап арыз (дау, мәселе) бойынша тараптардың өз ұсыныстарын ұсынуы, бұл ретте ұсыныстар әр тараппен жеке, жәнеде ортақ талқылау барысында да ұсынылуы мүмкін. Екінші кезең – тараптардың туындаған жағдайдан (дау, талап арыз, мәселе) шығудың балама түрін құру, бұл ретте ұсыныспен айырмашылығы құрылған әр нұсқаның тараптарға келтірер кемшіліктерімен артықшылығының нақты көрсетілуі, ондағы шарттардың орындалу мүмкіндігі, яғни нақтылыққа бағытталған әрекет.                                                   Үшінші кезең –тараптарының барлық ұсынылған нұсқалардан тиімдісін таңдауы. Рәсім оңтайлы болған кезде жазбаша келісім жасалып, онда тараптармен бірігіп таңдалған нұсқа көрсетіледі.   Даулы реттеуде тараптың жеке белсенді қатысуы және оны шешу түрінің көптігі (нұсқалардың көптігі) дауды реттеудің келесі балама түрлеріне негізделген: келісімсөздер, медиация рәсімі, татуласу, олардың мақсаты тараптардың өз күшімен дауды шешудің тиімді түрін табу болып табылады.

Партисипативтік рәсімнің қолдану аумағы ұйымдық-құқықтық даулардан басқа, жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа құқықтық қатынастардан туындайтын, азаматтық құқықтық даулар. Партисипативтік рәсім егер партисипативтік рәсімге қатыспағанүшінші жақтың мүддесіне әсерін тигізсе, және де сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекеті шектеулі деп танылған тұлғаларға қатысты дауларда қолданылмайды.  Татуласудың осы түрінің оңтайлы қорытындысы судьяның қатысуынсыз тараптардың адвокаттарының қатысуымен олардың ортақ келісімге келіп, партисипативтік рәсім бойынша дауды реттеу туралы жазбаша келісімі болып табылады. Жазбаша келісімге келген жағдайда, ол судьяның ұйғарымымен бекітіледі, яғни адвокаттардың қатысуымен жүргізілген рәсім аяқталғаннан кейін судья сот актісін шығарып, келісімді бекітеді.

Партисипативтік рәсімнің мақсаты: дауды шешудің (реттеудің) екі жаққа да тиімді нұсқасын таңдау; дауды тез арада шешу (10 жұмыс күннен аспайтын уақыт); тараптардың материалдық шығынын азайту; тараптардың арасындағы даудың деңгейін азайту, даулы мәселені шешу арқылы олардың ара-қатынасын реттеу және сақтау; халықаралық деңгейде іскерлік беделді нығайту үшін халықтың құқықтық әдебін қалыптастыру; соттардың жүктемесін азайту. Партисипативтік рәсім тәртібінде тараптардың келісімге келуі жазбаша түрде жасалып, тараптар оған өз қолдарын қойып, азаматтық сот өндірісінде сотпен бекітіледі. Келісімде партисипативтік рәсім тараптарының деректері, даулы мәселе, келісімге қатысқан адвокаттар, және де тараптар келген ортақ келісім, оларды орындау тәртібі мен мерзімі, оларды орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда туындайтын мәселелер көрсетілуі керек. Партисипативтік рәсім тәртібінде жасалған келісім сотпен бекітілген жағдайда, ол мүдделі тұлғаның Азаматтық іс жүргізу кодексімен көрсетілген тәртібі бойынша сотқа жолданған арызы негізіне мәжбүрлі түрде орындалуға жатады.                                                                                                                      Азаматтық іс сотта қаралғанға дейін жасалған партисипативтік рәсім тәртібінде дауды реттеу туралы келісім тараптардың азаматтық құқығы мен міндеттерін бекітуге, өзгертуге және қысқартуға бағытталған келісім болып табылады. Партисипативтік рәсім тәртібінде бекітілген келісімді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған тарап заңмен көрсетілген тәртіпте жауапкершілікке тартылады. Партисипативтік рәсім өткізу барысында адвокаттар барлық тараптармен бір уақытта, немесе әр қайсысымен жеке-жеке кездесуге, және оларға дауды реттеу бойынша ауызша немесе жазбаша ұсыныстармен дәлелдемелер беруге міндетті; партисипативтік рәсім тәртібі бойынша келісімсөз жүргізу барысында адвокат тек өз сенім білдірушісінің мүддесінде ғана әрекет жасауға міндетті; партисипативтік рәсім алдында сенім білдірушіге рәсімнің оның мақсатын, келісімге келудің құқықтық әсерін, және оның құқығы мен міндеттерін түсіндіруге міндетті. Адвокаттар келісімсөз жүргізу барысында адвокаттардың кәсіби әдеп Кодексі талаптарын сақтауға міндетті. Азаматтық іс жүргізу барысында жасалған партисипативтік рәсім тәртібінде дауды реттеу келісімі азаматтық істі қарап жатқан судьяға жолдануы тиіс. Азаматтық іс жүргізу өндірісінде дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеу туралы келісім, оны бекіткен ұйғарым заңды күшіне енген күннен бастап заңды күшіне енеді. Дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеу туралы келісім соттан тыс кезде жасалған жағдайда, келісім тараптар қол қойған кезден бастап заңды күшіне енеді. Дауды реттеудің аталған балама түрінің басқа түрлерлен артықшылығы адвокаттардың тараптарға білікті заң көмегімен көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар дауды тараптардың келісімі арқылы шешу жолдарын қарастырып, келісімді жасау кезінде заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Медиация тәртібінде келісім заң талаптарына сәйкес келмесе сот оны бекітпеген болса, патрисипативтік рәсімде адвокаттардың қатысуы өз сенім білдірушілерінің әрекетінен туындайтын барлық құқықтық әсерін есепке алып, оның орындалуын жеңілдетеді. Егер тараптар партисипативтік рәсім тәртібінде дауды реттемеген болса немесе келісім сотпен бекітілмеген жағдайда, істі қарау ортақ тәртіпте жүзеге асырылады. АПК-нің 115-бабына сәйкес бірінші, аппеляциялық сатылардағы соттар бекіткен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасқан кезде, төленген мемлекеттік баж толық көлемде бюджеттен қайтарылуға жататындығын атап қайту қажет.

Партисипативтік рәсімін түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды, себебі, бұл тараптардың татуласуларына ықпал етуі мүмкін. Аталған рәсім  келіспеушіліктің шешудің бір тәсілі, тараптардың шиеленіс деңгейін төмендету және даудың екі жақты да қанағатттандыратын шешіміне қол жеткізу, сонымен қатар, тараптар қысқа мерзім ішінде даудың шешім таба алады, сот шығындарын қысқартады, және де тараптардың өзара қарым-қатынастарын қалпына келтіріп  немесе сақтап қалады.

Талдықорған  гарнизонының әскери сотының  төрағасы АҚПАР Ринат Миратұлы.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here