Кереку аймағы жұмысқа шақырады

0
440

Талдықорған қаласындағы Жастар орталығында «Өңіраралық бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, оқу орны өкілдері, ауыл әкімдерінен құралған делегация келді.

Еліміздің солтүстік пен шығыстағы «жұмыс күші жетпейтін» аймақтарға оңтүстіктегі облыстардан мамандарды шақыру науқаны бірнеше жыл бұрын басталған еді.
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және Талдықорған қалалық жұмыспен қамту орталығының атсалысуымен өткен жәрмеңкеге жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, орта және жоғары оқу орындарын бітірген жас түлектердің қатарынан 200-ге жуық адам қатысып, кеңес, мағлұматтар алды. Павлодар облысының 185 жұмыс берушісі тарапынан 495 бос жұмыс орны ұсынылды. Елбасының кезекті Жолдауында адами капитал сапасын нығайту, ел тұрғындарының әлеуметттік жағдайын жақсарту талабы қойылып отыр.
Екібастұз, Ақсу қаласында көбінесе өндіріс саласына және аудандарға ауыл шаруашылығы мамандары қажет. Тіпті, Ақсу, Баянауыл аудандарының кәсіпкерлері жұмыспен қоса баспана беруге дайын.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-21 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша қолдау жасалады. Көшуге кеткен шығындар өтеледі. Шығын көлемі отбасына және отбасы мүшелеріне көмек қаражат беріледі. Жалдамалы тұрғын үй, жатақханадан орын тауып беру қарастырылып, жұмыспен қамтылады. Қажет болса қайта даярлау, біліктілік курсынан өтеді. Кәсіпкерлікпен айналысамын десе қаржылай несие беріледі.
Ауыл шаруашылығы саласына жұмысқа тұрушы азаматтар отбасымен келгенде үй алғанша жалдап тұрса, онда бір жыл бойына жәрдемдесіп те тұрады. Көбінесе, ауыл шаруашылығына қажетті агроном, механизатор, дәрігер, мұғалім мамандығы бар азаматтарды жұмысқа шақырады. Қажетті ақпаратты жұмыспен қамту орталығынан алуға болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here