Талдықорғанда қоғамдық көліктерде жол ақысы 80 теңге болады

0
844

Тиісті салаға жауапты бөлім басшылығы қалалық мәслихаттың кезектен тыс 24-сессиясында жол ақысын қымбаттату туралы жобаны депутаттар талқысына салып, бекіттіріп алды.
Талдықорған қалалық Автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің сектор меңгерушісі Қуат Қаниеттің айтуынша, жол ақысы соңғы 2 жылда өзгермеген. «Жанармай қымбаттады, қосалқы бөлшектердің де бағасы шарықтап тұр. Тасымалдаушы компаниялар шығынға ұшырап жатыр. Жол ақысын қымбаттаудың осындай объективті себептері бар» деді.
Алғашқыда депутаттар мәселеге қарсы болды. Талдықорған қалалық мәслихатының хатшысы Қайрат Бұлдыбаев «Біз халықпен кездесуге қай жерге барсақ та лас қоғамдық көлік мәселесі, рөлде отырып темекі шегетін және дөрекі сөйлейтін жүргізушілер туралы наразы пікірлер алдымыздан шығады. Түсінеміз, экономикалық қиындықтар бар шығар. Бағаны көтереді екенсіздер, қызмет сапасын да жіті бақылауға алыңыздар» деп ескертті.
Қаланың қоғамдық кеңесінде бірнеше мәрте талқыланып шыққан жобаны мәслихат та қолдады. Автобустардағы жол ақысы алдағы 2-3 апта ішінде көтерілуі мүмкін.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here