«Жетісу керуені» ел ішінде

0
708

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы 28 ірі жобаны жүзеге асыруда. Солардың бірі- “Жетісу керуені”. Аталмыш жобаның мақсаты шалғайдағы елдімекендерде тегін концерттер мен қойылымдар қойып, көпшіліктің мәдени әлеуетін арттыру. Сондай-ақ, халық пен өнер ұжымдарының арасындағы байланысты нығайту.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының директоры Данияр  Құрамысов,  Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының басшысы  Ғалия Темербаева мен  “Алатау әуендері”  концерттік бірлестігінің директоры Абзал Қуанышұлы тарқатып берді. Айта кетейік, бұл жоба Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың тікелей қолдауымен өткізілуде.  “Алатау әуендері”  концерттік бірлестігінің басшысы Абзал Қуанышұлы “Ұлт көшбасшысының көреген саясатының арқасында  мәдениет саласы экономикамызбен қатар күн сайын қарыштап дамып жатыр деп айтсам артық болмас. Бағдарламалық мақала жарық көргенде қуанбаған өнер адамы қалмаған шығар. Біздің көкейімізде жүрген ойымызды Елбасы сезгендей болды. Айта кетерлігі, “Жетісу керуені” жобасы барысында жас таланттарда үлкен серпіліс пайда болды”, — деп атап өтті. “Жетісу керуені” бірнеше жылға жоспарланған ауқымды жоба. Алдағы уақытта да осындай сапарлар дәстүрлі түрде  ұйымдастырылмақ.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here