Тұмаудың алдын алу

0
775

Тұмау-латын тілінен аударғанда шабуыл, бас салу деген мағына береді. Балалардағы тұмаудың белгілері: жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 7 күнге дейін, орташа 2-3 күнді құрайды. Аурудың басталуы жедел интоксикация синдромымен сипатталады. Дене қызуы 39-40 С дейін көтеріледі. Жалпы әлсіздік, мазасыздану, тағамнан бас тарту, жылау, адинамия, көп ретті құсу, ұйқының бұзылуы, менингиалды белгілер болуы тән.

12-24 сағаттан соң төмендегі катаралды белгілер байқалады:

 тамағы жыбырлайды

 жұтынғанда ауырсыну сезімі

 мұрынның шырышты қабаты қызарып, ісінеді, бітеледі

 мұрыннан су ағады

 дауысы өзгеріп, қарлығады

 құрғақ жөтел қысады

 тамағын ашып қарағанда аңқасы қы-зарып, ісінуі байқалады.

Сонымен бірге атитипті түрлері – акатаралды  афебрилді  геморрагиялық түрі-теріде майда бөртпелер пайда болып, қан кетуі мүмкін.

Осы аталған тұмау белгілерін болдырмас үшін ата-аналар төмендегі алдын алу шараларын ескергені жөн:

1. Дұрыс дәрумендерге байытылған рационалды тамақтану.

2. Ең сенімді, ұтымды, пайдалысы вакцинация қыркүйек-қазан айларында барлық тұрғындардың басым бөлігін жаппай қамту мақсатында жүргізіледі.

3. Жеке бас гигиенасын сақтау-киім, төсек-орын, бөлмені желдетіп ылғалды жуып-шаю.

4. Салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттерден аулақ болу, тынығу, жеткілікті  серуен мен ұйқы.

5. Иммунитетті нығайту-денені шынықты-ру, дәрумендер, минералды заттар қабылдау.

Адам көп шоғырланатын жерлерге үйір болмай,аулақ жүру. Бетперде қолдану. Вакцинаның бала ағзасына тигізер пай-
дасы орасан зор. Себебі, вакцина деге-німіз-бұл төніп келе жатқан қауіпті тануға денені үйрететін вирустың әлсіреген
түрі. Нағыз вирус шабуылдағанда ағза дайын болып белсенді қорғанады. Вакцина бір ғана емес топтасқан иммунитетті қалыптастырады. Вакцинация – тұмаудан қорғанудың жал-ғыз сенімді әдісі. Тұмаудың асқынулары өте қауіпті. Күнделікті өмірде қоршаған ортадағы бактерия, вирус, токсиндер бір вакцинаның құрамындағы мөлшерінен әлдеқайда көп.

Сондықтан, құрметті ата аналар! Бала денсаулығына салғырт қарап, екпеден бас тартпаңыздар. Эпидемия кезінде вакцинациялау тиімділігі сан ғасырлардан бері дәлелденіп келеді.

Егер екпе алатын күні бала сау болса, ешқандай асқынулар болмайды. Екпені алуға болмайтын жағдайлар: тауық жұмыртқасына жоғары сезімталдық, алдыңғы вакцинаға сезімталдық, онкологиялық аурулар, туа біт-кен не жүре пайда болған иммунодефицит кезінде екпе егуге болмайды.

Қазіргі таңда біздің қалалық емханада тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр. 20 қыркүйекте басталған. 6 айлықтан бастап — 15 жасқа дейінгі барлық балалар қарсы көрсетілімдері жоқ болса салынады. Әсіресе жиі ауыратын балалар, диспансерлік есепте тұратын созылмалы ауруы бар балалар, мүгедектігі бар балалар және жоғары тәуекел топқа жататын, көп балалы жанұя балаларына бірінші кезекте алған жөн.

 

Б. ВАЛИШАНОВА,

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here